SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада бас қосқан сарапшылар диалогы 8 шілдеде Қызылордада өтетін Ұлттық Урбан форумы – 2025 аясындағы іс-шаралардың алғашқы қадамы болды. "Астана Бас жоспарының" макеттеу залында Қазақстандағы қалаларды дамытудың тәсілін қайта форматтау идеялары сараланды.
Кездесу хедлайнерлері:
• Гарри Доббс – халықаралық деңгейдегі сәулетші, Harry Dobbs Design-нің негізін қалаушы (Ұлыбритания), оның дизайны ЛондоннанЭр-Риядқа дейінгі мегаполистерді қамтиды. Мақсаты – стратегиялықжоспарлау мен креативті индустрияларды қала құрылысына тартуға бағдарланған.
• Юрий Милевский – Novaya Labs аналитикалық компаниясыныңнегізін қалаушы (CEO). Қалалардағы тәуекелдерді бағалау жәнеинновацияларды басқару саласы бойынша сарапшы. Компанияқұрылғанға дейін ол ЭЖМ ҒЗУ Урбанистика жоғары мектебіндегіжетекші академиялық позицияларда болды.

Спикерлер қазақстандық қалалардың алдында тұрған сын-қатерлер менперспективаларды саралады, болашақ пікірталастар тақырыптары белгіленіп, нақтыланды. Халықаралық тәжірибе мен жергілікті контексті интеграциялаумәселелеріне баса мән берілді.
URBAN TALKS ел Астанасы мен өңірлері арасындағы өтпелі кәсібидиалогтың маңызды бөлігіне айналмақ. URBAN TALKS ASTANA мен алдаөтетін Қызылорда форумы – урбанистік сын-қатерлерді түсіну мен олардышешудің нақты тетіктерінің логикалық байланысын қамтамасыз етпек.
8 шілдеде Гарри Доббс пен Юрий Милевский Ұлттық Урбан – 2025форумының бейінді сессияларында сөз сөйлейді, сондай-ақ "Қазақстанның қалалық күн тәртібін өңірлер деңгейінде іске асыру" тақырыптық сессиясына"Астана Бас жоспары" ҒЗИ" АҚ жанындағы урбанистика орталығыныңбасшысы Данияр Чиндалиев қатысады.

Ұлттық Урбан форумы – 2025 БҰҰ-ның елдімекендер бойынша бағдарламасының (ЮН-Хабитат) аясында Қызылордада өтеді. Ол үш деңгейлі іс-шаралар жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Атап айтқанда:
• Ұлттық урбан-форумдар жергілікті диалог пен шешімдерді әзірлеугеарналған өңірлік платформа;
• Елдерді географиялық орналасуы бойынша біріктіретін өңірлік кеңестер;
• Дүниежүзілік қалалар форумы (World Urban Forum) — тәжірибеалмасуға және қалаларды тұрақты дамыту саласында халықаралық күнтәртібін қалыптастыруға арналған жаһандық алаң.
RUS